Кәмелетке толмаған Рамзан Қадыровтың ұлы отау құрды. Ол тойына 14 миллиард теңгелік сағатты тағып келді
Фото: dzen.ru
Шешенстан басшысының 17 жастағы ұлы Адам Қадыров үйленді. Түрлі ақпарат көздері оның жары Рамзан Қадыровтың жақын серігі, Мемлекеттік дума депутаты Адам Делимхановтың немересі екен. Үйлену тойы Қадыровтар отбасының ата-бабалар мекені Ахмат-Юрт (бұрынғы Центорой) ауылында өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Кавказ.Реалии" басылымының мәліметінше, Адам Қадыровтың үйлену тойы 28 маусым күні Ахмат-Юрт ауылында болған. Адамның әпкесі Айшат Қадырова қалыңдықтың есімін жариялады. Оның есімі Медни, өзі де Ахмат-Юрттан шыққан, бұл ауылда Қадыровтардың жоғары лауазымды туыстары тұрады.
Той күні республика аумағында жолдар жабылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Кортежді алып жүруге Шешенстанның барлық ауданынан жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Адам Қадыровтың үйленгенін оның әкесі, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров растады. Ол бұл туралы Telegram-арнасында жазып, ұлының некеге отырар алдында Ресей президенті Владимир Путиннен жеке құттықтау алғанын хабарлады.
"Құрметті Владимир Владимирович! Бүкіл отбасымыздың атынан Ресей Федерациясының президенті ретінде сізге Чечен республикасының тұңғыш президентінің немересі, Ресей Батыры Ахмат-Хаджи Қадыровтың немересі Адам Қадыровты отбасылық өмірге қадам басуымен жеке құттықтағаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз", – деп жазды Қадыров.
Сонымен қатар басқа телеграм арналарда Адам Қадыровтың үйлену тойынан суреттер жарияланды. Сарапшылар оның қолында Jacob & Co. Billionaire ASHOKA маркалы, 320 бриллиантпен безендірілген сағат болғанын анықтады. Бұл сағаттың бағасы 27,7 миллион доллар (14 356 300 000 теңге).
Фото: @nexta_live
Айта кетейік, Ресей Федерациясының Отбасы кодексінің 13-бабына сәйкес, некеге тұру жасы 18 жас. Алайда ерекше себептермен кәмелетке толмағандарға (16 жастан бастап) жергілікті өзін өзі басқару органдары рұқсат бере алады.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Путиннен өзін қызметінен босатуды сұрады
Қазақстанда қалыңдық мәһрге бір келі алтын сұраған
Еске салайық, бұған дейін Project басылымы Рамзан Қадыровқа қатысты тергеу жариялады. Онда Қадыровтың төрт әйелден туған төрт баласы, олардың кейбірі кәмелетке толмаған қыздардан екені айтылады. Бюджет ақшасы гарем ұстауға жұмсалған. Сондай-ақ, Қадыров отбасының билікке келуі, қарсыластарының жұмбақ өлімдері мен жемқорлық схемалары баяндалады. Ресми тараптан әзірге ешқандай жауап жоқ.

"ҚазҰУ студенттеріне несие алдырған": Белгілі айтыскердің қызы алаяқтық жасады деп айыпталды
