Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кәмелет жасына толмаған қыздарды ертіп келуді талап еткен": Түркістанда ер адам 15 жастағы оқушыны зорлап, бопсалады деген күдікке ілінді

Түркістандық 15 жастағы қыздың анасы ересек ер адамның қызын зорлап, қорқытқанын айтты. Ал полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Жантүршігерлік оқиға туралы Facebook қолданушысы Құрал Сейітханұлы хабарлады. Әйел оған 33 жастағы ер адамның қызын пәтерге алып кіріп, жалаңаш күйінде видеоға түсіріп, кейін зорлағанын айтқан.

 



Әйелдің сөзінше, ер адам мектеп оқушысынан өз жасындағы қыздарды немесе ақша тауып әкелуді талап еткен. Егер таппаса оның интимдік суреттерін желіге таратамын деп қорқытқан.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "жергілікті тұрғынның үстінен кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекеттері" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алайда, кәмелетке толмағандардың жалаңаш фотосуреттері тарағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Полицейлер азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады", – делінген хабарламада.

Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін таратылмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 13 жасар қызды екі туыс ағасы 6 жыл бойы зорлап келгені туралы жазған едік. 

Талқылау