Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалыңмалым 10 миллион теңге": Трансгендер Амилайдың шай құйып отырған видеосы тарады

 транс амилайФото: https://www.instagram.com/amilai.kazashka

Танымал блогер, трансгендер Амилай келін болып, шай құйып жүрген видеосын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі жұлдызы жеке парақшасында келін болудың қызығы мен қиындығын бөлісті. 

"Қалыңмалым – 10 млн тенге. Шынымен де, тарихта қалатын хайп сценарийлердің бірі. Алиби екеуміздің арамызда ештеңе болмады және пайда болмады да. Алиби менің күйеуім деп ойлағандар, тоқтаңыздар! Бұл тек бірге жасалған коллаб. Жай ғана ойдан құрастырған сценарий болған", – деп жазды ол.



Сөзінше ойдан құрастырылған сценарий болса да, өзін бақытты сезінген.

"Бірақ мен сол күні өзімді ең бақытты сезіндім. Себебі келін болу, абыроймен тұрмыс құру әр қыздың арманы емес пе?! Сол кезде түсінгем, жаңа түскен келінге оңай емес екен. 10-20 адамға шай құйып берудің өзі азап екен. Енді біттім құйып деген кезде ең бірінші құйып берген адамың шайын ішіп, кесесін тағы береді. Солай кезек-кезек карусель болады. Сонымен енді жынысымды ауыстырғандықтан толықтай келін болуға лайықпын", – деді Амилай.

Еске салайық, "Нағыз қызға айналдым” деген трансгендер Амилай шетелде ота жасатқан еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 10:00
Талқылау