Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қадірімнің қашқанына налимын": Ақбота Керімбекова Ұлттық арнаның басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға үндеу жасады

Танымал әнші, мәдениет қайраткері Ақбота Керімбекова отандық музыкалық жобадағы кемшілікті айтып, Ұлттық арна басшылығына үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Эстрада әншісі ұлы Шалқармен бірге музыкалық жобада бақ сынамақ еді.

Жағдай былай! Бүгін “Қазақстан” ұлттық арнасының “Жұлдызды жұп” жобасының кезекті түсіріліміне Алматыдан Астанаға ұшып келдік. Біраз бұрын бағдарламаны ұйымдастырушылар маған хабарласып, SAAD мейманханасына бөлме броньдалған. Сол жаққа орналассаңыз” деді. Айтқандарын жасап, сонда барсам, “сізге орын броньдалмаған” дейді. Бірден жауапты қыздарға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, өзімнің қатты ауырып келгенімді, мәселені тезірек шешуін сұрадым. “Басқа жерге ауыссаңыз” деді. Көшіп-қонып жүруге шамамның болмай тұрғанын айтып, сәл назымды жеткіздім. Бір кезде аты-жөні жоқ, жоба продюсері, "әйгілі” Динара Адам хабарласып, жекіп, “я устала уже от всех этих капризов, все ваши капризы у меня выше голова стоят. Хочешь, уходи на х*р из этого проекта”, – дейді. Дәл осылай!. Қазақта “қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына налимын” деген сөз бар. Ұлт болғалы маңдайымызға бұйырған жалғыз ұлттық арнамыздың маңдайалды жобаларына Алаш түге, адамның қадірін білмейтін, бірде-бір рет қазақша ойланып, ой қорытып көрмеген біреулер жетекшілік еткесін, көрген күн осы екен…”, – деп ашуланды әнші. 



Одан кейін өнер иесі отандық жобаларға қатысты тендер мәселесін де атап өтті. 

“Сосын, байқаймын, осындай ақшалы жобаларды тек осы Динара Адам ұтып алады. Бұған дейін не ұлттық арнаға, не ұлтқа берері бар жобасы болмаса да!.. Бұл күмән тудырмай ма? Жалпы телеарна жариялайтын тендерді ұтып алудың ресми, бейресми жолдары қандай? Бұл жобаға қанша бөлінді, одан қатысушыларға қаламақы, дұрыс жатын орын қаралмаса, онда, мемлекет қаржысы қайда кетіп жатыр? Қазақы әншілерді “мамбет” санайтын, қазақ руханиятына қосқан титімдей үлесі жоқ Динара Адамға бар жобаны ұтып ала беретін күш қайдан, қалай біткен, осыған дейінгі атқарған жұмыстарының есебі қандай деген сауалдар да мені ойландыра бастады. Сосын ең ұлы режиссерлерді дайындайтын Кельндегі университетте профессор болған Болат Атабаевтың туған жерінде ұлттық арнаның бір музыкалық жобасын жасай алатын режиссер жоқтай, осы Динараның шешімімен Ресейден, Украинадан режиссерлердің келіп, халықтың бәленбай ақшасын қалтасына басып, біздің өнерге жасап жүрген “қызметін” қай деңгейде бағалауға болады деген сұрақ та менің көкейімде тұр. “Спортымызды легионерлер құлдыратты” деп зар қақсап жатырмыз, ал теледидарымызды ше?!”, – деп күйінді өнер қайраткері. 

Еске салайық, бұған дейін Ақбота Керімбекова осыдан 35 жыл бұрынғы сәтті есіне алған еді. 

Талқылау