Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қадір түнін қалай өткізу керек

26 наурыздан 27 наурызға қараған түні мұсылмандар қасиетті Қадір түнін тойлайды. Дін мамандары Рамазан айындағы қасиетті түнді қалай өткізу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dailykz.com

Исламда ерекше атап өтетін күндер бар:

қасиетті жыл – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) туған жылы;

мұсылмандар ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айы;

қасиетті күн – жұма намазы оқылатын күн;

қасиетті түн – Қадір түні.

Қадір түнінің нақты белгіленген күні жоқ. Дін ғұламаларының айтуынша, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) бұл күнді Рамазан айында іздеу керегін жеткізген. Құранда да нақты күн көрсетілмеген екен. 

Қадір түнін қалай өткізу керек

Исламда бұл түн ұлық түн деп саналады. Қадыр түнін ең жақсы түрде өткізгендердің барлық күнәсын Алла кешіреді. Қасиетті түнде ең алдымен тарауих намазын оқу керек. Көптеген мұсылмандар түнді Аллаға құлшылық етіп, мешіттерде өткізеді.

Бұл түнде жасалған игі істердің сауабы 83 жылды қамтитын сауаппен тең деп есептеледі. Түні бойы ештеңе істемей отыру дұрыс емес. Егер адам таң атқанша теледидар көрсе немесе диванда жатса, қасиетті түнді көрмейді деген сенім бар.

Талқылау