Қабатовтың келіншегі қандай құрылыспен айналысып жатқандарын айтып берді
Жуырда Тұрсынбек Қабатовтың зәулім үй салып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Алайда әзілқойдың келіншегі тұрғызылып отырған ғимарат үй емес, өнер мен білімнің ұштасқан ордасы болатынын айтып жатыр.
Фото: instagram.com/moldir.mt/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
“Журналистер “Бізді зəулім үй салып жатыр” деп жазуда екен… Қандай құрылыспен айналысып жатқанымызды сіздермен бөлісейін деп шештім, құрметті оқырмандарым. Сіздерден ештеңе жасырмайтынымды, жаңалығымыздың бəрін бөлісіп, үнемі ақыл-кеңестеріңізді сұрап отыратынымды білесіздер ғой.
Тұрғызылып отырған ғимарат үй емес, өнер мен білімнің ұштасқан ордасы болмақ. Балаларға да, үлкендерге де арналған түрлі үйірме, мектепке дейін даярлау, музыка, өнер мен сахна сабақтары, тұрмыста қажетті курстармен қатар бірнеше тіл курстары оқытылатын ғимарат болмақ. Əлі қолға алынуы керек бағыттар да көп.
Талайдан бері жоспарлап жүрген едік. Алла биыл сəтін салды. Бұйырса, қыркүйек айының соңына қарай іске кірісеміз. Бірақ, 20 тамыздан бастап алдын ала жазылып қоя беруге болады. Сондықтан оқу жылы жақындаған сайын “Баламды қандай үйірме-курстарға беремін” деп жүрген ата-аналарға құлаққағыс жасағым кеп отыр”, – деп Мөлдір Қабатова жұрттан сүйінші сұрады.
Желі қолданушылары Тұрсынбек пен Мөлдірдің қуанышын бөлісуге асықты. Қай қалада ашылып жатқанын, үйірмелердің бағасы қанша тұратынын жарыса сұрады. Десе де, Мөлдір ханым әзірге мұндай сұрақтарды жауапсыз қалдырды.
Жіберіп алмаңыз:
Қабатовтың келіншегі күй тартып жұртты тамсандырды (видео)
Мөлдір Қабатова: Тұрсынбек тереземнің алдында үнді әндерін айтып, би билейтін
Көпшілік Қабатовты үнемі қазақтарды әжуалайтын әзілі үшін сөкті
Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)
Мөлдір Қабатова: Тұрсынбек тереземнің алдында үнді әндерін айтып, би билейтін