Алло, мен өз балаларымды өлтірдім: Әйелдің қоңырауы полицияны тік тұрғызды (фото)
31 жастағы әйел күйеуі ұйықтап жатқанда туған ұлы мен қызын өлтірген. Күйеуі ажырасуға өтініш бергендіктен, келіншек осындай қадамға барған.
Бұл туралы life.ru-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.
31 жастағы АҚШ тұрғыны 7 жасар ұлы Тайлер мен 3 жасар қызы Чарлиді өлтірген.
Брэнди мен Джейсон 2009 жылы шаңырақ көтерген. Араға бірнеше жыл салып, отбасының шаңырағы шайқала бастаған. 2016 жылдың қараша айында Джейсон ажырасуға өтініш бергені туралы әйеліне хабарлаған-ды. Алайда ол оқиғаның соңы дәл осылай аяқталады деп ойламаса керек-ті.
Сол түні Джейсон Брэндимен бір төсекте ұйықтаудан бас тартқан. Сонда әйел оған ұлының бөлмесінде ұйықтауға ұсыныс білдірген. Алайда Джейсон бұл идеяны құп көрмепті.
“Егер сол түні Чарлидің бөлмесінен кетпесем, оны құтқарып қалар едім. Әкенің жалғыз парызы – баласын қорғап қалу. Алайда мен оны да жасай алмадым. Мұндай трагедия болады деп ешкім де ойламады”, – дейді Джейсон Уорли.
Таңғы сағат 4:35-да полицияға Брэндидің өзі хабарласып, балаларын бауыздап өлтіргенін айтқан. Аудиожазбаның алғашқы секундтарынан-ақ келіншектің салқынқанды сөйлегенін аңғаруға болады.
— Сіз қай қаладансыз?
— Дарлингтон.
— Не жағдай?
— Мен өзімнің екі баламды бауыздап өлтірдім және өзіме пышақ салдым…
Полицейлер мен дәрігерлер Уорлидің үйіне келіп жеткенде тым кеш еді. Анасы балаларының мойнынан бауыздаған, айналаның бәрі қан.
Әйел өз мойнына да пышақ сұғып алған. Ол балаларын өлтірген соң өзіне қол жұмсамақшы болыпты. Айтуынша, Джейсон ажырасқан соң балаларды өзіне алмақшы болған. Болған істен кейін өзін қалай сезінетіні туралы сұраққа келіншек: “шаршап тұрмын” деп жауап берген.
Сотта Брэнди өзін кінәлі сезінбейтінін айтқан. Енді ол 15 тәулік ішінде сотқа аппелециялық шағым түсіре алады. Ал бейзбүйрек ананың соңғы үкімі 19 наурызда белгілі болмақ.
Жіберіп алмаңыз:
Ата-анасы 2 жасар ұлын даму қабілеті төмен деп адам тұрғысыз бөлмеде бағып келген
35 жастағы лунатик ұйқысырап 8 қабаттан құлаған
Мұзда құлап тайғанап кеткен сиыр жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Шенеуніктің немересі тұрмысқа шығудан бас тартқан қызды атып өлтірді