Күніне әкесіндей он еркекке қызмет көрсеткен: Алматыда саудагерлер жезөкшеліктен құтқарып қалған қыздың оқиғасы
Бұған дейін Алматыда құлдықтан қашқан қыздың видеосы тарап кеткені белгілі. 4 жыл құлдықта болдым деген қызға қорлық көрсеткендер кімдер?
Раушан есімді келіншек қазір ауруханада, деп хабарлайды 31 арна.
Өзінің айтуынша, құлдықтан қашып он күндей далада қаңғып жүрген. Сол күні өзін қинап ұстаған Венера есімді әйел көріп қалып, одан қашпақ болады. Сол арада көлік қағып кеткен. Бірақ ұсталып қалмаудың қамын ойлап, тұра сала базарға қашады.
Қыздың әлдекімнен қашып, қорқып тұрғанын көрген саудагерлер оны қорғап қалған. Жәбірленуші көлік астына түсіп жарақаттанғанына қарамастан жедел жәрдем қызметін шақырудан бас тартады.
Оны қорғап қалғандардың бірі желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс. Ол базар аралап жүріп, осындай оқиғаның куәсі болған.
“Скорый шақырды, милиция шақырды. Олар келе жатқанда екі машина адамдарды қаға маға қашты. Екі әйелді ұстап, адамдарға рахмет, үлгерді. Менің қолым бос болмады. Аналарда жазасын алып кететін еді. Желтоқсаншы болғандықтан сөмкемде суық қаруым жүретін”, – дейді куәгер Гүлбахрам Жүніс.
Оқиғаны видеоға түсірген куәгерлер көлік нөмірін де түсіріп алған. Ал, қызды қуып келген Венера мен әпкесі Айгүл есімді әйелге қатысты іс қозғалды.
“Қылмыстық кодекстің 308 бабының нормалары бойынша тіркеліп, қазіргі таңда осы баптың аясында қылмыстық іс қозғалып, іздестіру шаралары қолға алынды. Нәтижесінде екі азаматша қолға түсіп, полицияға жеткізілген болатын”, – дейді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Полицейлердің мәліметінше, жәбірленуші 2009 жылдан бері жезөкше есебінде тұр. Ол өзінің мәжбүрлі түрде арам жолға түскенін айтып ақталды.
“Жататын жері мен үй қызметшісі керек деп айтқам. Содан жарайды деп звондаған. Жарты сағаттан соң әйел мен күйеуі алып кеткен”, – дейді жәбірленуші Раушан.
Шындығында да Раушан үй қызметшісі болып жұмыс істеген. Үй шаруасын істеген соң кешкісін қонақүйге апарып, жезөкшелікке салған. Осылайша 4 жыл жүріпті.
“Обедке дейін жұмыс істетеді. Үйін жинатып, есік алдын жинатып, одан кейін шай тамақ беріп, екі жарымда ұйықтататын. Кешкі алтыда тұрғызып, сегізде әкеп тастайды”, – дейді Раушан.
Алғашқыда тамаққа тыйым болмағанымен, кейіннен “сен тауарсың, толып кетсең, клиент алмайды» деп нан жегізбей қойған.
“Түндік табыс 10 мың теңгеден аспай қалса, жамбастан, арқадан, басымнан ұрады. Стенкаға ұрған. Пышақпен де ұрған жері болған”, – дейді Раушан.
Ол бірнеше рет қашпақ болғанымен ұсталып қалып соққыға жығылған. Соңғы әрекеті ғана сәтті болып, клиентке барған қыздармен сыртқа шығып кетіп қашып үлгерген. Айтуынша, құлдықта өз еркінсіз жүрген басқа да қыздар бар екен. Бірақ олар қашып кетуден қорқады. Полиция бірнеше рет ұсталғандар ақшасын төлеген соң қайта сол жерге оралып отырған. Сондықтан қыздар полицияға айтуға да қорқады.
Ұсталған екі әйелдің қылмысы дәлелденсе, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады немесе үш жылға дейiн бас бостандығынан айырылады екен. Қылмыстары дәлелденсе ғана.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстандық қызды 15 жасында жар еткен күйеуі опасыздық жасап, 5 баласымен тастап кеткен
Мас күйінде рөлге отырған: Павлодар-Қызылорда жолында көлік апатынан үш адам көз жұмды