"Кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады": Атырауда электр зауытындағы апатты жағдайды президент бақылауына алды
Атырауда 3 шілдеде "МАЭК" ЖШС жылу электр орталығында апатты жағдай орын алып, қала жұрты түгелдей электр жарығынсыз қалды. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен МАЭК-тегі апаттардан кейін жағдайды өзі тұрақты бақылауда ұстайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"МАЭК" ЖШС жылу электр орталығында апатты жағдайға байланысты №1 энергоблок өшірілген. Бұдан соң қала жұрты түгелдей электр жарығынсыз қалған. Кейін Энергетика министрлігі электр қуатын беру қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Атырау мұнай өңдеу зауытында кернеу беріліп, электрмен жабдықтау қалпына келтірілген.
Енді МАЭК-тегі энергоблокқа 5 шілдеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ақорданың мәлімдеуінше, осы жағдайдан соң президент зауыттарды өз бақылауында ұстайтынын мәлімдеді.
“Жазатайым оқиғалардың себептерін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады. Үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзімде жұмыс жағдайына келтіру тапсырылды”, – деді ведомство.
Талқылау
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады