Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуін өлтіріп алған келіншек сот залынан ақталып шықты

Ақтөбе облысы, Алға ауданының тұрғыны А. Кауканова күйеуінен қорғанып, оған пышақ сұғып алған. Жәбірленуші бірер минут ішінде көз жұмды.

d7badd236c9d0335fd38185630530cfa

Үй ішіндегі дау-жанжалдың соңы өліммен аяқталып, оқиға орнында қамауға алынған 28 жастағы келіншек қылмыстық жауапқа тартылды. Бүгін бір баланың анасы сот залынан босап шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 28 жастағы келіншектің ісіне қатысты сот үкімі шықты. А.Кауканова ішімдік ішіп, кейін өзін ұрып-соққан күйеуінен қорғанған. Ас үйде жанжалдасып, кейін оқтаумен ұрған күйеуі оның денесін зақымдап, жұдырықтаған. Өз өмірі мен денсаулығын қорғап қалуды ойлаған А.Кауканова пышақ ала жүгірген күйеуінің қолын қайырып, жағаласқан. Қолы қайырылған күйеуінен әл кетіп, сол арада пышақ жүрек тұсына барып қадалады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

«Сот азаматша К-нің бұл әрекетін әйел адамның қажетті қорғану іс-әрекеті деп бағалап, қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады. Азаматша К. сот залында қамаудан босатылды. Қылмыстық істі қарау нәтижесінде облыстық ІІД бастығы мен облыстық прокуратураға сотқа дейінгі тергеу өндірісін біржақты жүргізгені және қылмыстық істі жан-жақты, обьективті тергемегендері үшін жеке қаулы шығарылды», – деді судья Ахмеджан Молдағалиев.

Айта кетейік, 28 жастағы А.Кауканова Қылмыстық кодекстің «Кісі өлімі» және «Қорғану мақсатында адам өлтіру» бабы бойынша сот алдында жауап берді. Ол 8 ай бойы түрмеде отырды. Ал, оны үйінде 3 жастағы баласы күтіп отыр. Бүгін сотқа қатысқан тума-туыстары А.Кауканованың бостандыққа шыққанын көріп, қуаныштан жылап жіберді.

Талқылау