Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгертеді

Фото: Stan.kz

Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 мамыр күні Jusan Bank-тің баспасөз қызметі қаржы ұйымының атауы Alatau City Bank болып өзгергенін мәлімдеді.

Атауды өзгерту туралы шешім 15 мамырда акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында қабылданған. Қазір банктің жарғысына тиісті өзгерістер енгізілген. Дегенмен жаңа атау заңды күшіне мемлекеттік қайта тіркеуден кейін ғана енеді.

Банктің толық жаңа атауы – "Alatau City Bank" акционерлік қоғамы (АО).


Қазақстандықтардың қызметі тоқтаған банктердегі ақшасы зейнетақы қорына аударылады


Қазақстандық бес банк телефон нөмірі арқылы ақша аударымдарын іске қосады


Еске салайық, бұған дейін 13 ақпанда Kaspi.kz акционерлерінің бірі Вячеслав Ким Jusan Bank акцияларының бақылау пакетін сатып алмақ ниетте екенін жазған едік. Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш тастаған. Мұндай ақпарат ақпан айының басында пайда болды. Алайда кәсіпкердің өзі де, мемлекеттік реттеушілер де бұл туралы түсініктеме бермеді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 16:14
Талқылау