Janymda қосымшасында онлайн-дәрігер қызметі іске қосылды

Beeline Қазақстан Janymda қосымшаның мүмкіндіктерін кеңейтуде. Енді қосымшада "Онлайн-дәрігер" қызметі қолжетімді. Бұл дегеніміз, қосымшаны пайдаланушылар дәрігердің кеңесін онлайн форматта, емханаға бармай-ақ ала алады.
2026 жылдың маусым айының соңына дейін дәрігер кеңесі арнайы бағамен – небәрі 10 теңге тұрады.
Қызмет бүкіл отбасы мүшелеріне – балалардан бастап егде жастағы ата-аналарға дейін – терапевт, педиатр немесе басқа бейінді маманнан жедел көмек алуға мүмкіндік береді. Кезекші дәрігерлер тәулік бойы, яғни 24/7 қолжетімді.
"Онлайн-дәрігер" қызметі Janymda қосымшасындағы "Барлық сервистер" бөлімінде орналасқан. Пайдаланушы маманды және консультация ұзақтығын таңдап, симптомын сипаттап, қажет болған жағдайда талдау нәтижелерін тіркейді. Дәрігермен байланыс бейне, аудио немесе чат арқылы жүзеге асады.
"Онлайн-дәрігер" дегеніміз:
- 100-ден астам дәрігердің қызметіне қол жеткізу (терапевт, невролог, педиатр, эндокринолог және т.б.);
- 15–30 минут ішінде жауап алу;
- Жолға уақыт жоғалтпай, кезекте тұрмай кеңес алу;
- Консультацияны басталуына бір сағат қалғанда ауыстыру немесе бас тарту;
- Білікті дәрігерлерден кеңес алу;
- Janymda супераппінде төлем жасағаны үшін тиімді кэшбэк алу.
Барлық консультациялар мен пайдаланушы туралы медициналық ақпарат Қазақстан Республикасының медициналық құпия және дербес деректерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өңделіп, сақталады. Консультациялар тарихына тек пайдаланушының өзі және ол жүгінген дәрігер ғана қол жеткізе алады.

Фото: Максим Цвыков, Beeline Қазақстанның "Цифрлық платформалар және ойын-сауық" макро-бизнесінің директоры.
"Бүгінде телеком-оператордың рөлі байланыс қызметімен ғана шектелмейді. Біз клиенттеріміздің күнделікті қажеттіліктеріне арналған инфрақұрылымға айналудамыз. Janymda-ға телемедицинаны енгізу – медициналық көмекке қолжетімділікті мобильді байланыс сияқты қарапайым әрі үйреншікті етуге бағытталған қадам: бір қосымшада, кедергісіз және өңірге тәуелсіз", – дейді Максим Цвыков, Beeline Қазақстанның "Цифрлық платформалар және ойын-сауық" макро-бизнесінің директоры.
Көптеген елдерде телемедицина ірі суперапптердің ажырамас бөлігіне айналған. Мысалы, Қытайда WeChat Ping An Good Doctor сервисімен жұмыс жасайды. Оңтүстік-Шығыс Азияда Gojek пен Grab қосымшалары арқылы да дәрігер кеңесін алуға болады. Janymda-дағы "Онлайн-дәрігер" – жаһандық трендке сай қадам және қосымша пайдаланушылары үшін тағы бір ыңғайлы цифрлық сервис.
Janymda – байланыс, қаржы, көлік, ойын-сауық және енді телемедицинаны біріктірген отбасылық суперапп.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты