Jado еш шығынсыз ерекше стильді болудың үлгісін ұсынды
Белгілі дизайнер Жадо бүгін Алматы халқына ешқандай шығынсыз әрі ерекше стильді болуға болатынын көрсетті. Дизайнер ерекше киімін өзі киіп алған. Дизайнер бас киімнен бастап аяқ киімге дейін фольга қағазынан жасапты.
Бұл туралы stan.kz сайты хабарлайды.
“Кез-келген адам мыңдаған доллар қаржыны жұмсамастан- ақ бір заттан ерекше киім үлгісін дайындай алады. Дағдарыстың кезінде адамдардың өз фантазиясы өздеріне ерекше көңіл-күй сыйлауы мүмкін. Сондай-ақ, мұндай істі қалаған адамның барлығының қолынан келеді. Фольгадан бас киімнің бірнеше нұсқасын дайындамақпыз. Алдағы уақытта антикризистік коллекциямды жарыққа шығарсам деген жоспарым бар”,-дейді дизайнер Jado7
“
Мына киім үлгісіндегі дизайнердің аяғында тақалы аяқ киімнің орнына үш тал кірпіш қойылған.
Талқылау