Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

JAC S3 Pro қаңтар қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай модельдері арасында бірінші орынға шықты

JAC S3 Pro қаңтар қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай модельдері арасында бірінші орынға шықты

Фото: JAC Motors Qazaqstan

Қазақстанның автокөлік нарығы 2026 жылды сенімді өсіммен бастады. АКАБ деректеріне сәйкес, JAC S3 Pro кроссовері 2026 жылдың қаңтарында сатылым көлемі бойынша қытай автокөліктерінің ішінде бірінші орынды иеленіп, компакт-кроссовер сегментінде жоғары сұранысты растады. Ай ішінде 442 автокөлік сатылды.

Ай қорытындысы бойынша, Қазақстанда 10 жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және Allur құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan бренді тұрақты оң динамика көрсетті. 2026 жылдың қаңтарында елде 683 JAC автокөлігі сатылды – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% жоғары. Осы нәтижелер JAC брендіне қытай автокөлік маркалары арасында сатылым көлемі бойынша үшінші орын алуға мүмкіндік берді.

JAC S3 Pro қаңтар қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай модельдері арасында бірінші орынға шықты

Фото: JAC Motors Qazaqstan

Жалпы брендтер рейтингінде JAC алтыншы орыннан көрінді, осылайша нарықтағы жетекші позицияларын сақтап қалды. Сатылымның өсуі қазақстандық тұтынушылардың брендке деген сенімін, жергілікті өндірістің артықшылықтарын және JAC модельдерінің елдің жол және климат жағдайларына бейімделгенін дәлелдейді.

JAC S3 Pro қаңтар қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай модельдері арасында бірінші орынға шықты

Фото: JAC Motors Qazaqstan

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 10 330 JAC автокөлігі сатылғанын, ал JAC S3 Pro моделі 5 310 бірлікпен елдің ең танымал он автокөлігінің қатарына енгенін еске саламыз.

“Қаңтар айының нәтижелері JAC автокөліктеріне деген тұрақты қызығушылықты көрсетеді. Біз S3 Pro моделіне сұраныстың сенімді өсімін байқап отырмыз және қазақстандық тұтынушылар үшін модельдік қатарды кеңейту мен сервистің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз”, – деп атап өтті JAC Motors Qazaqstan дистрибуция өкілі.

JAC бренді Қазақстан нарығындағы позициясын нығайтуды жалғастырып, локализацияға, технологияларға және кең аудиторияға қолжетімділікке басымдық береді.

JAC S3 Pro қаңтар қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай модельдері арасында бірінші орынға шықты

Фото: JAC Motors Qazaqstan

JAC туралы

JAC Motors – 60 жылдық тарихы бар қытайлық автокөлік өндірушісі, жылына 1 млн-нан астам автокөлік шығаруға мүмкіндігі бар. Компания Қытай, Италия және Жапонияда зерттеу орталықтарын дамытып, өнімдерін 120 елге экспорттайды. Шығарылатын техника спектрі — жеңіл автокөліктерден бастап электробустарға дейін.

JAC S3 Pro қаңтар қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай модельдері арасында бірінші орынға шықты

Фото: JAC Motors Qazaqstan

Қазақстанда JAC бренді 2015 жылдан бері Allur портфелінде ұсынылған. Сол жылдан бастап жергілікті өндіріс және дистрибуция жолға қойылды. Allur зауыты – еліміздегі барлық типтегі көліктерді толық циклмен шығара алатын бірден-бір кәсіпорын.

Айым Болатқызы
Жұма, 20 Ақпан, 2026 14:51