Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы салдарынан Иран президенті жарақат алды – БАҚ

Иран президенті Масуд Пезешкиан жарақат алды

Фото: Вячеслав Прокофьев/РИА Новости

16 маусымда Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы кезінде Иран президенті Масуд Пезешкианның жараланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Fars басылымының мәліметінше, Иран президенті 16 маусым күні жараланған. Шабуыл Иран астанасының батыс бөлігіндегі ғимаратта елдің жоғары лауазымды шенеуніктері қатысқан Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің отырысы өтіп жатқан кезде болған. 

Әскер ғимараттың кіреберіс бөлігін нысанаға алған. Салдарынан шенеуніктер апаттық люк арқылы сыртқа шығуға мәжбүр болған. Олардың кейбірі, соның ішінде президент Пезешкиан аяқтарынан жарақат алды. 

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль әскери күштері Иранға соққы жасады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Теграндағы жарылыстар туралы жазды. Израильде төтенше жағдай жарияланып, қорғаныс министрі Йоав Галант елдің Иран тарапынан зымырандар мен дрондар арқылы жауап соққысын күтіп отырғанын айтты.

Бұған қоса, Израиль қорғаныс армиясы мыңдаған резервистің мобилизациялағанын және палестиналық қалалардың айналасына қорғаныс шебі орнатылатынын хабарлады. Сондай-ақ ЦАХАЛ Ислам революциясы сақшылары корпусының әуе күштері басшылығын, соның ішінде қолбасшы Али Хаджизадені қаза тапқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Израильдің Иранда көп жылдар бойы жасырын операциялар жүргізіп келгені белгілі болды.  Ал Дональд Трамп Иранды ядролық келісімге қол қоюға шақырып, “бәрі кеш болмай тұрғанда” әрекет етуге шақырды.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 13 Шілде, 2025 14:19
Талқылау