Израильдің ондаған ұшағы Ливандағы "Хезболла" нысандарын бомбалады
Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі "Хезболла" нысандарына шабуыл жасай бастағанын мәлімдеді. Әлеуметтік желіде қалаларға жасалған шабуылдың салдарын көрсететін кадрлар жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Израиль армиясы Ливандағы әуе шабуылдары нәтижесінде 100-ден астам "Хезболла" зымыран тасығыштарының жойылғанын хабарлады. Атап айтқанда, Хезболлаға тиесілі ғимараттар мен қару-жарақ және оқ-дәрі сақталған қоймалар бомбаланды. Израиль әскері Израиль қорғаныс күштерінің "Хезболла" террористік ұйымының лаңкестік активтері мен әскери инфрақұрылымына шабуыл жасайтынын, сондай-ақ Ливанмен шекарадағы шайқаста екі сарбаздың қаза тапқанын мәлімдеді.
Насралла Израильді пейджерлер мен рациялар арқылы шабуыл жасағаны үшін айыптап, "Хезболла" мүшелерімен қатар жазықсыз бейбіт тұрғындардың да опат болғанын айтты. Оның сөзінше, 4000-ға жуық пейджер жарылған, ал қаза тапқандар туралы әлі ресми дерек жоқ.
"Бұл – лаңкестік. Олар соғыс қимылдарын жасап, соғыс ашып отыр. Біз мұны сейсенбідегі және сәрсенбідегі қырғын деп атаймыз. Құдай көп адамның жараланып, опат болуының алдын алды. Бірнеше пейджерлер өшіріліп, істен шыққан еді. Кейбірі таратылмай, қоймада қалып қойған”, – дейді Насралла.
Сондай-ақ ол израильдіктерге өздері күткен және күтпеген жауап беретінін атап өтті. Әзірге ештеңе ашып айтпайтынын, не болатынын сол сәтте көретінін айтты.
"Біздің әскери операцияны жалғастырамыз. Мақсатымыз – Солтүстік Израиль тұрғындарының үйлеріне оралуын қамтамасыз ету. Уақыт өте келе Хезболла мұны мойнымен көтереді", – деді Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант.
Бұған дейін Ливанда мыңдаған "Хезболла" пейджерлері жарылып, адамдар ажал құшқан еді.