Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильді Евровидение музыкалық конкурсынан шеттету ұсынылды

израиль музыкалық конкурстан шеттетілмек

Фото: Pexels.com

Еуропалық хабар тарату одағы келесі аптада Израильді "Евровидение" байқауынан шеттету туралы ұсынысты талқылайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бірқатар еуропалық ел Газадағы оқиғалардан кейін Израильді 2025 жылғы "Евровидение" байқауынан шеттетуге шақырды. Олардың қатарында Словения, Финляндия, Нидерланды, Испания және Исландия бар.

Базельдегі байқаудың алдында ирландиялық телерадиокомпания EBU-дан Израильдің қатысу мәселесі "ұйым мүшелері арасында кеңірек талқылауға" шығарылатыны туралы уәде алды.

Исландиялық БАҚ RÚV кеңесінің отырысының хаттамасын жариялады. Хаттамаға сәйкес, 3 шілдеде Лондонда өтетін еуропалық хабар тарату одағының бас ассамблеясында Израильдің "Евровидениеге" қатысу мәселесі талқыланады.

Еске салайық, бұған дейін биыл 28 сәуірде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі Израильдің әскери-әуе күштері еврей мемлекетіне қауіп төндіретін Бейрут маңындағы "Хезболла" ұйымының дәлдіктегі зымырандары қоймасынасоққы жасалғанын мәлімдеген еді. 

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 29 Маусым, 2025 10:20
Талқылау