Израильде Газаны толығымен басып алу жоспарына байланысты наразылық шерулері басталды
Фото: Euronews
Израильде жүздеген адам парламент ғимаратының алдында жиналып, наразылыққа шықты. Олар Газадағы кепілге алынғандарды босату үшін ХАМАС-пен келісімге келуді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Израильде үкіметке қарсы наразылық шерулері Газаны түгел басып алу жоспарын бекіткеннен кейін басталды.
Израильдің министрлер кабинеті Газа секторын толығымен басып алу және Палестина аумағында қалу жоспарын мақұлдады.
"Бұл соғысты жалғастыруға еш негіз жоқ. Біз мұны соңғы бір жарым жыл бойы істеп келеміз, бірақ нәтиже болмады. Әрі қарай да нәтиже болмайды. Израиль үкіметі Газа секторын ұстап, жаңа қоныс салғысы келеді. Олар сонда қалады, сарбаздарды өлтіреді және кепілге алынғандардің мәйіті ғана қайтарылады", – деді наразылық білдірушілердің бірі Мири Вольф.
Шенеуніктердің айтуынша, Израильдің ХАМАС-ты талқандау және кепілге алынғандарды босату жөніндегі әскери мақсаттарына жетуі үшін жасалған жаңа жоспарда жүздеген мың палестиналықты Газаның оңтүстігіне көшірмек.
Бұл олардың мәжбүрлі қоныс аударуына әкеліп соғады және гуманитарлық дағдарысты ушықтырады.
Наурыздың ортасында Израиль ХАМАС-пен бітімді тоқтатқаннан бері Газаға шабуылдар жасап, жүздеген адамды өлтірді. Израиль кең аумақтарды басып алды және қазір жағалаудағы анклавтың шамамен 50%-ы бақылауында.
Атысты тоқтату келісімі аяқталмай тұрып, Израиль Газа секторына азық-түлік, отын және суды қоса алғанда, гуманитарлық көмек жеткізуді тоқтатты, бұл 19 айға жуық соғыстағы ең ауыр гуманитарлық дағдарысты тудырды.
Бұған дейін Израиль ХАМАС-пен тұтқындарды айырбастау үшін бітім туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы жазған едік.

"Ер адаммен иіліп амандасу керек": Алматыдағы Абай университетінің қыздарға өткізген жиыны көптің ашуын туғызды
