Израиль жүздеген палестиналық тұтқынды босатуды кешіктірді
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жүздеген палестиналық тұтқынды босатуды кейінге қалдырды. Енді атысты тоқтату келісімінің болашағына күмән келіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: АР
Израиль Газа секторындағы израильдік тұтқындардың босатылуына кепілдік берілгенше, жүздеген палестиналық тұтқынды босатуды кейінге қалдыратынын мәлімдеді.
Әдетте тұтқын автобустарынан бұрын жүретін әскери көліктер Офер түрмесінің ашық қақпасынан шығып, бұрылып, кері қайтты.
600-ден астам палестиналық тұтқынды босату бірнеше сағатқа кешіктірілді. Негізі ХАМАС алты израильдік тұтқынды босатқаннан кейін бірден келуі керек еді. Бұл атысты тоқтатудың бірінші кезеңі еді.
Сенбі күні Газадан босатылған алты кепілдің бесеуін қалың жұрттың көзінше қарулы, бетперде киген адамдар алып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызыл Крест сияқты халықаралық ұйымдар демонстрацияны зорлық-зомбылық деп сынады.
Израиль мәлімдемесінде сондай-ақ кешіктірудің себептерінің бірі “кепілге алынғандардың қадір-қасиетін төмендететін рәсімдер және кепілге алынғандарды үгіт-насихат мақсатында пайдалану" делінген.
Екінші кезең бойынша келіссөз әлі басталған жоқ. Енді кепілдерді кешіктіргеннен кейін соғыс қайта басталады деген қауіп бар.
ХАМАС әлі де 60-тан астам адамды кепілде ұстайды, олардың жартысы тірі деген болжам бар.
Атысты тоқтатудың екінші кезеңі бойынша ХАМАС жүздеген палестиналық тұтқынға айырбас ретінде қалған барлық тұтқынды босату керек.
ХАМАС екінші кезеңге өтуге дайын екенін айтады, бірақ Израильдің келісімді орындайтынына кепілдік бермейінше, қалған тұтқындарды босатпайтынын баса айтты.
Еске салсақ, бұған дейін ХАМАС Газадағы биліктен бас тартуға дайын екенін хабарладық.