Израиль Сирия аумағына қайта соққы жасады
Фото: Gil Eliyahu / Reuters
Сириялық бұқаралық ақпарат құралдары 2 мамырда кешке Израиль әскерилері ел аумағына қайта соққы жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соққы Дамаск солтүстігініндегі аудандар мен Хама қаласының маңына жасалған. Бұған дейін Израиль Дамасктегі президент сарайына жақын ауданға соққы жасаған еді.
Израиль әскерилері этникалық тазартуға ұшыраған друз азшылық тобын қорғамақ. Ал Дамаск бірнеше күн бұрын ел билігі мен друз көшбасшылары келісімге келгенін мәлімдеді. Алайда Израиль аталған этникалық топқа жасалған зорлық алаңдатып отырғанын жеткізді.
Ұлыбританияда орналасқан Сириялық адам құқығын бақылау орталығының мәліметінше Дамаск маңындағы Ашрафият Сахная қаласында, друз ұйымы тұратын Джарамана қаласының сыртында және Эс-Сувейда қаласында 102 адам көз жұмған. Оның ішінде 70-тен друз, друздар қарсылық көрсеткен қалғандары қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен содырлар бар.
Елдегі зомбылық Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген ер адамның аудиожазбасы тараған соң, дүйсенбі күні кешке Джараман қаласында орын алды. Мұны друз діни қызметкерінің жазбасы деп танығанымен, ер адам өзінің бұған қатысы жоғын айтқан.
Сирияның ішкі істер министрі үкімет жүргізген тергеу барысында ер адам мен клип арасында байланыс жоғын мәлімдеген. Сирия уақытша президенті Ахмед Әл-Шараа елде тұратын діни және этникалық азшылықтарды қорғауға уәде берген. Алайда друздар қысымға ұшыраған алғашқы топ емес.
Бұған дейін әл-Шараа ел аумағында белсенділігін төмендетпеген джихадшылар тобын жоюды мақсат етеніні айтқан.
Израильдің солтүстігінде друздар тобының басым бөлігі өмір сүреді. Друздар – друзизм дінін ұстайтын арабтар. Друзизм исмаилиттер бағытының шиит ағымынан бастау алады.
Израильдік друздар Израиль мемлекетімен жақсы қарым-қатынаста болған, кейбірі әскер құрамында қызмет етуге өз еркімен барады. Әлем бойынша бүгінде миллионнан аса друз бар. Оның жартысы Сирия аумағында тұрады. Сондай-ақ Ливанда да друздардың аз бөлігі өмір сүреді.
Аталған жайт жаңа Сириядағы этника және конфессияаралық қақтығыстың алғашқысы емес. Наурызда алавиттер тобы қысымға ұшыраған. Бірнеше аптаның ішінде мыңдаған алавит көз жұмып, көбі Ливанға қашып кетті.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
