Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль "Моссад" барлау қызметінің құпия операциясы арқылы Иранның әуе қорғаныс жүйесін залалсыздандырды

Фото: stmegi.com

Израильдің "Моссад" барлау қызметі Иранның әуе шабуылын залалсыздандырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Euronews  басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың айтуынша, "Моссад" барлау қызметі Иранның зениттік-зымыран кешендерінің маңындағы ашық аумақтарға қару жүйелерін  орналастырған. Бұл жүйелер кенеттен бастаған әуе шабуылы кезінде іске қосылған.

Жеке операция аясында қарсы соққы беру құралдары мен жоғары технологиялық құрылғылар көлік құралдарына да орнатылған.



Тағы бір операция дереккөздің айтуынша, Израильдің құпия қызметі Иран аумағында "шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақтардың базасын" құрған. Жаппай әуе шабуылы кезінде бұл дрондар Тегеран маңындағы Эсфаджабад әскери базасында орналасқан тактикалық зымырандардың ұшыру қондырғыларына соққы жасап, Иранның қарсы шабуыл жасау мүмкіндігін шектеуге көмектескен.

Euronews агенттігі ұсынған ақпаратты кейінірек израильдік және халықаралық БАҚ растап жариялады.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль Иранға әуеден соққы жасағаны туралы жазған едік. Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі арнайы үндеу жариялады. Оған жауап ретінде 13 маусым күні кешке Иранның  Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге қарсы "Шынайы уәде-3" деп аталатын жауап операциясын бастаған. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 14 Маусым, 2025 09:21
Талқылау