Израиль мен Иран қақтығысы мұнай бағасына қалай әсер етеді – Сарапшылар жауап берді
Сарапшылар Израиль Иранның энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасаса, мұнай бағасы не болатынын талқылап жатыр. Көпшілік мұнай бағасы көтеріледі деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Израиль Иранның мұнай нысандарын бомбаласа, барреліне бағасы 200 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Иранның мұнай инфрақұрылымының зақымдалуы әлемдегі қара алтынның 4%-ын қауіпке салады. Дегенмен сарапшылар бұл мұнай бағасының өсуіне әсер етуі екіталай деп есептейді.
“Қазір Иран экспорттайтын көлем тәулігіне шамамен 1,5 немесе 1,7 баррель деңгейінде. Кез келген Таяу Шығыс елдері оларды оңай алмастыра алады. Нарық үшін ештеңе болмайды, барреліне 200 доллар деген өзгерісті күтудің қажеті жоқ, Иран бұрынғыдай мықты емес”, – деді энергетика министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Олжас Байділдинов.
Экономистер Еуропа елдерінде мұнайға деген сұраныс көптеген өнеркәсіп орындары мен зауыттардың жабылуына байланысты төмендеп жатқанын атап өтті. Ал Таяу Шығыстағы жағдай мұнай нарығын ұстап, бағаның төмендеуіне жол бермейді.
Егер Израиль Иранның мұнай активтерін бомбаласа, бұл, керісінше, мұнай бағасын бірқалыпты сақтап тұрады деген пікір де бар. Егер ол жаһандық қақтығысқа ұласып кетпесе, Қазақстан үшін тиімді болмақ. Ұлттық қорға, бюджетке түсетін түсімдер көбейеді, мұнай экспорттаушыларымыз одан табыс табады. Қалай болғанда да, олар жоғары бағамен сатады.
Шығыстанушылар да Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс мұнай бағасына уақытша әсер етуі мүмкін деген пікірде. Алайда Иранның Қазақстанмен басқа мықты сауда байланысы жоқ, сондықтан туындауы мүмкін жалғыз мәселе – көші-қон.
“Көші-қон жағынан үлкен аймақтық соғыс басталса, Иран бізге өте жақын, Каспий теңізі, әуе қатынасы бар, визасыз режим бар. Әрине, бұл тұрғыда өзгеріс болуы мүмкін”, – деді шығыстанушы Ақмарал Баталова.
Еске салсақ, бұған дейін Иранның Израильге қарсы 400-ге жуық зымыран ұшырғаны туралы жазған едік.