Израиль мен АҚШ жасаған шабуыл cалдарынан Иран бірнеше шенеунігінен айырылды

Иран Израиль мен АҚШ жасаған шабуылдар салдарынан елдің әскери басшылығында үлкен шығын болғанын мәлімдеді. Ирандық БАҚ жоғары лауазымды офицерлердің қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
IRNA агенттігінің дерегінше, Қорғаныс кеңесінің хатшысы адмирал Әли Шамхани және Ислам революциясы сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Мохаммад Пакпур қаза тапқан.
Сонымен қатар, республиканың қорғаныс министрі Азиз Насирзаде, Қарулы күштер Бас штабының бастығы Абдулрахим Мусави және Барлау министрлігінің қолбасшыларының бірі Хадж-Мохаммад Басери де көз жұмған.
Фото: Recall
Айта кетейік, бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілген соң “Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын” бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күндері деп белгіледі.
Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Хаменеи қаза тапқан соң ел қалаларының орталық алаңдарына мыңдаған адам жиналып, кек қайтаруды талап етіп жатыр. Сонымен қатар елде жаппай аза тұту шаралары өтіп, мешіттерде қаралы тулар көтерілген.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған