Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль зымырандарға жауап ретінде Ливанға соққы берді

Израиль Ливанның оңтүстігіндегі Хезболланың ондаған ұшыру қондырғысы мен басқару орталығына шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: REUTERS

Ливандағы БАҚ шабуыл салдарынан бір адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл қарашадағы атысты тоқтату келісімінен кейін болған алғашқы жойқын соққы болды. 

ЦАХАЛ бүгін таңертең Метула аймағында үш зымыранға тосқауыл қойды. Кейін белгілі болғандай, жалпы саны алты зымыран ұшырылған. Оның үшеуі Ливан аймағына құлады. 

Жергілікті басылымдар зымыранның Ливанның оңтүстік аймағына құлағанын жазды. Ливан әскері үш “қарапайым” ұшыру қондырғысын тауып, оны бөлшектеп тастаған. 

Ешбір топ атыс үшін жауапкершілік алған жоқ. Ал Ливан премьер-министрі елді соғысқа қатысуға мәжбүрлемеуін ескертті. 



Ливанның жаңа үкіметі 2025 жылдың қаңтарында Хезболланың қатысуынсыз құрылды. Бірақ ол өз ықпалын сақтап қалды. Қарашадағы бітім Газадағы қақтығыс кезінде Израильге соғыс жариялағаннан кейін жасалды.

Еске салайық, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады. 

Осыдан кейін Израиль Голан жоталарындағы буферлік аймаққа басып кіріпті. 

Талқылау