Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль қажет болған жағдайда Газадағы соғысты қайта ашатынын ескертті

Израиль "қажет болған жағдайда" Газа секторындағы әскери операцияларды қайта бастауға дайын екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үндеу жолдап, келіссөздің талаптарын айтты.

"Келіссөздер барысында мен бірнеше қағидаттарды айқындадым. Бірінші қағида – қажет болған жағдайда әскери қимылдарды қайта бастау мүмкіндігін сақтау", – деді саясаткер.

Палестиналық ХАМАС қозғалысы кепілге алынған израильдіктерді босату үшін Израильден "соғысты алдын ала тоқтатуды" талап етті.

"Мен бұл шарттарды үзілді-кесілді қабылдамадым және менің ұстанымым қабылданды", – деп қосты Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі мұндай қадамдарды Джо Байденнің қызметтен кеткен әкімшілігі мен АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қолдағанын атап өтті.

"Сәрсенбі кешке Трамп маған телефон соғып, келісіммен құттықтады және оның бірінші кезеңі уақытша атысты тоқтату екенін баса айтты... Президент Трамп та, президент Байден де Израильдің соғыс қимылдарын қайта бастау құқығын толық қолдады. Екінші кезең бойынша келіссөздер нәтижесіз болса, соғысты қайта ашады деген қорытындыға келді", – деді ол.

Сонымен қатар Нетаньяху Израиль қорғаныс күштері  өз контингентін Филадельфия дәлізі аймағында, Газа секторы мен Египет арасындағы шекаралық аймақта ұстауға ниетті екенін мәлімдеді.

Нетаньяху Израильдің "соғыстың барлық мақсатын орындауға" және "барлығын үйлеріне қайтаруға" ниетті екенін айтты. Оның айтуынша, бүгінге дейін ХАМАС тұтқынынан 157 кепілге алынған, оның 117-сі тірі. Израиль мен палестиналық радикалды қозғалыс арасындағы келісімнің бірінші кезеңі аясында 33 израильдік үйлеріне оралады.

Еске салсақ, бұған дейін ХАМАС Израильдің соғысты тоқтату жайлы келісімшартын қабылдаған еді. 

Талқылау