Израиль "друздарды қорғау үшін" Сирияға соққы жасады
Фото: Stringer/Getty Images
Израиль армиясы Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда провинциясында Сирия үкіметі әскеріне соққы жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бір күн бұрын друздар тұратын қалада бәдәуи тайпалары мен жергілікті содырлар арасындағы қақтығыста 30-дан астам адам қаза тапты. Израиль тарабы друздарды қорғау үшін әрекет етіп жатқанын мәлімдеді.
Сувейдадағы қақтығыстар – өткен жылдың желтоқсанында Башар Асад тақтан тайдырылғаннан кейінгі конфессияаралық қақтығыстардың алғашқысы.
"Біраз уақыт бұрын Израиль армиясы Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда аймағында Сирия үкіметі әскерінің әскери көліктеріне соққы бере бастады", – делінген Израиль армиясының мәлімдемесінде.
Бұл мәлімдеме премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац армияға "Друздарға қарсы операциялар жүргізу үшін Сирияның Друз тауларындағы Сувейда аймағына әкелінген үкімет әскері мен техникасына дереу соққы беруді" бұйырғанын айтқаннан кейін жасалды.
"Израиль өз еліндегі друз азаматтарымен терең бауырластық одаққа байланысты Сириядағы друздарға зиян келтірілмеуін қамтамасыз ету ісін қолдайды. Біз олардың Сирия режимінен зардап шегуіне жол бермеу және Сириямен шекарамызға іргелес аумақты демилитаризациялауды қамтамасыз ету үшін әрекет етудеміз", – делінген мәлімдемеде.
Сейсенбі күні друздардың ықпалды жетекшісі шейх Хикмат әл-Хаджри мәлімдеме жасап, Сирия үкіметі әскері атысты тоқтату келісімін бұзып, қаланы бомбалады деп айыптап, содырларды үкімет әскеріне қарсы тұруға шақырды.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
