Израиль әуе күштері Бейрутке шабуыл жасады: Зардап шеккендер саны артты
Бейрут шетіндегі Израиль әуе шабуылының салдарынан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті, тағы 68 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл туралы Ливанның денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Жарылыс болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құрбандар саны артуы мүмкін деген болжам бар.
Айта кетейік, Израиль әуе шабуылы күндізгі қарбалас уақытта Ливанның оңтүстігіндегі халық тығыз орналасқан аймаққа соққы берді.
Шабуыл "Хезболла" Израильдің солтүстігіндегі ең ауыр бомбалау науқандарының бірін бастағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды.
Еске салайық, бұған дейін Израиль "Хезболла" тобының 11 жауынгерін, оның ішінде Радванның таңдаулы күштерін басқарған Ибрагим Акилді өлтіргенін хабарлады. Жауынгерлік топ мүшелері қираған ғимараттың жертөлесінде жиналыста болған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"