Іздеуде жүрген 29 жастағы үй күтушінің мәйіті мұздатқыштан табылды
Төрт жыл бұрын филиппиндік 29 жастағы Джоанна Демфелис Кувейтке жұмыс істеуге кеткен. Ол онда ерлі-зайыпты отбасының үй күтушісі болып қызмет атқарды.
Соңғы рет қызды 2016 жылдың күзінде көрген. Кейінірек сарапшылар Кувейттегі пәтерлердің бірінен Джоаннаның мәйітін тапты. Бұл туралы Daily Mail хабарлады деп, жазады Stan.kz .
Илоило қаласының тұрғыны Джоанна Демфелис жұмыс істеп, ақша табу үшін Кувейтке кеткен. Ол алғашқы үш айда отбасымен үнемі байланысып тұрды. Кейіннен қыз хабарласуын қойған.
Біраз уақыттан кейін Джоаннаның туыстары қыздың жұмыс берушілермен арадағы келісімшартты ұзартқаны жайлы білді. Қыз бұл шешімді өз еркімен қабылдады ма ол жағы белгісіз.
Ол қожайындарының қатігездігі жайлы бірнеше рет шағымданған. Алайда, таныстары Джоаннаны соңғы рет бір жарым жыл бұрын көрген.
Өткен аптада Кувейт пәтерлерінің бірінде мұздатқышқа жасырынған Джоаннаның мәйіті табылды. Тексеру кезінде, қызды буындырып өлтіргені анықталды. Джоаннаның бұрынғы қожайындары әлі қолға түспеді. Полицияның болжамынша, олар елден қашып кеткен.
Айта кетейік, Кувейттегі филиппиндік жұмысшылардың өлімі жыл санап өсіп келеді. Филиппин президенті Родриго Дутерте өз азаматтарын Кувейтке жұмысқа жіберуге тыйым салды.
Жіберіп алмаңыз:
Автобус жүргізушісі 50 адамды құтқарып өзі көз жұмды
Тележүргізуші бетіндегі жарасын 25 жыл көрерменнен жасырып келген (фото)
Ұшақ жолаушысы ішіне жын кірген баланы видеоға түсіріп алған
Ресей футболшысы бес мыңдық купюрамен мұрнын сүрткен (видео)