Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз Оралға кездесуге ұшып келген италиялықты "лақтырып кеткен"

Ұнатқан қызы үшін Италиядан Оралға ұшып келген 64 жастағы азаматпен бойжеткен кездеспей қойған. Көңілі қалған азамат сүйіктісі күтіп алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Полицияның мәліметінше, 64 жастағы италиялық азамат Аджигирио Грацио Оралға интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге келген. Бойжеткен оны әуежайда қарсы алуы керек болған. Бірақ уәдесін орындамаған. 

Қаланы патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері орындықта отырған шетелдікті байқап қалған. Сосын көмек ұсынып, шетелдіктің халін сұраған.



Ер адам оларға қамқорлық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, келесі күні Италияға оралатынын айтты. 

Талқылау