Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Италиядағы жол апатынан зардап шеккен жолаушылар арасында Қазақстанның 9 азаматы бар

Италиядағы көлік апатынан зардап шеккен жолаушылардың арасында Қазақстанның 9 азаматы бар екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.

italiya

ҚР СІМ мәліметінше, олардың 5-і ауруханаға жеткізіліп, қалған 4 адам қонақүйде орналастырылады. Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасына, бұғана зақым келген. 

Қазіргі уақытта түрлі жарақаттармен 2 қазақстандық әйел ауруханада қалуда - омыртқа, қабырға мен бұғана сүйек сыну сияқты жарақаттары бар, сондай-ақ көптеген соққылар алған. Біз италиялық дәрігерлердің соңғы диагнозын күтудеміз және оған сәйкес әрі қарай тиісті шаралар қабылданатын болады.

Қалған 7 турист қонақ үйде орналасқан. Олар өздерінің экскурсияларын жалғастыруы мүмкін. Барлық қазақстандық туристерде медициналық сақтандырулары бар.

Қазақстандық консул жарақат алған отандастардың жанында және медицина қызметкерлерімен және жергілікті полициямен келіссөздерде қажетті көмек көрсетуде. Жақын арада жарақат алғандардың туыстары Италияға ұшып келеді.

Италияның құқық қорғау органдарының мәліметінше, автобус жүргізушісі қамауға алынып, апатқа байланысты тергеу жүргізілуде.

22 мамыр күні Италияның Монтериджони мен Бадессе қалалары тасжолында туристер мінген автобус апатқа ұшырады. 55 адамның біреуі қаза болды. 37 адам задап шекті. Оның 9-ы қазақстандық азамат болып шықты.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр