Италияда екі күннің ішінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2-ден 79-ға дейін өсті
Италияда коронавируспен ауырған 77 жағдай тіркелді. Бұл туралы Италияның азаматтық қорғаныс бастығы Анджело Боррели айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, екі күн бұрын тағы да екі адам коронавирус жұқтырған.
Инфекция Италияның бес аймағында тіркелгенін атап өтті. Екі адам көз жұмып, тағы 18 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр.
Ел билігі зардап шеккен аймақтардың басшыларына коммуналарды бұғаттауға мүмкіндік беретін жарлық қабылдады.
«Біз өткізу пункттерін құрамыз және қажет болған жағдайда қарулы күштерді тартамыз», - деп уәде берді премьер-министр Джузеппе Конте.
Коронавирустың өршуі Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсан айының соңында тіркелді. Қытайдан басқа, ауру әлемнің 20-дан астам елінде анықталған, 2362 адам көз жұмды. Ауру жұқтырғандардың саны 77,9 мың адамға дейін өсті, 21,3 мыңнан астам адам аурудан айықты.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"