Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда ұрылар британиялық лордтың қолынан 123 млн теңге тұратын сағатын жұлып алып, қайықпен қашып еткен

Сағат, Ара ДарзиФото: коллаж

Белгілі хирург әрі Ұлыбританияның лордтар палатасының мүшесі Италияның Капри аралында демалып жүргенде сирек кездесетін сағатынан айырылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The National басылымына  сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, 65 жастағы Ара Дарзи танымал сауда көшесінен яхтасына бара жатқанда екі ер адам лордқа шабуыл жасап, оның білегінен құны 175 000 фунт стерлингтен (шамамен 123 миллион теңге) асатын Richard Mille RM 07 сағатын жұлып алып, моторлы қайыққа мініп қашып кеткен.

Бұл жағдай бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жергілікті полиция бейнебақылауға түсіп қалған кадрларды жариялады, одан күдіктілерді байқауға болады.

Лордқа бұл сағатты алты жыл бұрын аман алып қалған пациенті сыйлаған екен.

Өкінішке қарай, шетелдегі көптеген адам сияқты мен де көшеде жасалатын қылмысға куә болдым. Демалысқа баратын адамдарға сақ болыңыз және бағалы заттарды үйге қалдырып кетіңіз деп кеңес берер едім", – дейді Ара Дарзи.

Лорд Ара Дарзи – армян текті британиялық ғалым, хирург, академик және саясаткер. Ол Ұлыбританияда роботтың көмегімен операция жасаған алғашқы адам.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025 11:55
Талқылау