IT сарапшысы еліміздегі ұялы байланысты дамытуда маңызға ие радиожиіліктердің құнын болжады
IT сарапшысы Арман Әбдірәсілов ұялы байланысты дамытуда маңызға ие радиожиіліктердің құнын болжады.

Маман өз блогында 2022 жылдың желтоқсанында өткен 5G радиожиіліктері бойынша аукционның нәтижелерін еске түсіріп қана қоймай, оның болашақта әділ құнды қалыптастыруы мен көрсеткіштерінің маңыздылығын атап көрсетті.
"Бірінші лот 3600-3700 МГц, екіншісі 3700-3800 МГц. Нәтижесінде №1 лот 62,7 млрд теңгеге, ал бірнеше күннен кейін №2 лот 93,4 млрд теңгеге сатылды.
Сатылымның нәтижесінде бұл шектеулі табиғи ресурсқа нарықтық және болжамдық бағалар анықталды.
Сарапшы осының негізінде Қазақстандағы радиожиілік диапазондарына қолжетімділік бойынша болашақта ең төменгі баға шектері анықталатынын қоса кетті.
"Пессимистік баға болжамы бойынша 100 МГц үшін–120 миллиард теңге (арифметикалық прогрессия + 30 миллиард теңге), оптимистік баға болжамы –135 миллиард (геометриялық прогрессия x1,5) болмақ."
Айта кету керек, GSA деректері бойынша 2021 жылы дүние жүзінде аукциондар мен спектрлерді тағайындау саны жалпы сомасы 140,1 миллиард долларды құрады. Ал бұл GSA есебіне сәйкес Қазақстандағы аукцион құны 2021 жылғы орташа бағадан аспады. (Finprom.kz деректерінен)
Бұл ретте радиожиіліктерді иелену мен пайдаланудың маңыздылығын, құндылығын атап өткен жөн. Радиожиіліктерді қолдану пайдалы қазбалар секілді жаңа кен орнын ашумен шектелмейді. Себебі бұл шектеулі, орны толтырылмайтын табиғи ресур. Сондықтан жиіліктер де қазба байлықтары сияқты елдің меншігі болып табылады.
Елімізде бесінші буын (5G) байланысы үшін базалық станциялардың құрылысы жеделдетілген қарқынмен жүріп жатыр. Мұндай жылдам желімен Қазақстанның бүкіл аумағын толық қамту үшін осындай диапазондағы аукциондар қажет. Маман жиіліктердің болжамды құн дәлізінен төмен сатылуы түрлі күдік тудыруы мүмкін екенін ескертті.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан