Исландияның Гриндавик қаласында жанартау атқылады (видео)
Исландияның Гриндавик қаласына жақын жерде жанартау атқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

1 сәуір күні таңертең жанартау атқылауы Сундхнукур кратерінде басталды. Кадрларда 700 метрлік жарықшақтан лава мен түтін шығып жатқанын көруге болады. Магма қаланың солтүстігіндегі бекіністерге жетіп қалды. Онда ескерту жүйелері іске қосылды.
Аймақтағы "Blue Lagoon" демалыс орны барлық демалушыларды эвакуациялағанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың қараша айында Исландиядағы Рейкьянес түбегінде жанартау атқылаған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"