Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам Махачев жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартып, Шавкат Рахмоновтың салмағына ауысты

Фото: Chris Unger/Getty Images

Ислам Махачев жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағынан ресми түрде бас тартып, жартылай орта салмаққа ауысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Онда ол бұл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт хабарлады.

Осыған байланысты жеңіл салмақтағы бос қалған чемпиондық белбеу үшін Илия Топурия мен Чарльз Оливейра UFC 317 турнирінде, 28 маусым күні Лас-Вегаста кездеседі.

Махачев бұған дейін жеңіл салмақтағы титулды сақтап қалуды мақсат еткенін айтқанымен, енді жаңа сынақ – жартылай орта салмаққа толық назар аударуды ұйғарды.

Осылайша, UFC жанкүйерлерін алда екі салмақ дәрежесінде де маңызды жекпе-жектер күтіп тұр.

Казахстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып келген. UFC 315 турнирінде Джек Делла Маддалена Белал Мухаммадты жеңіп, чемпион атанғаннан кейін, көпшілік келесі қарсылас Рахмонов болады деп болжаған.

Алайда UFC Ислам Махачев пен Маддалена арасындағы титулдық жекпе-жекті ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Бұл жағдайға қатысты Шавкат Рахмонов: "Сен 170 фунтта нағыз сынақтың кім екенін білесің – ол мен. Ерте ме, кеш пе – менің уақытым келеді", – деп Делла Маддаленаға үндеу жасады. Ол сондай-ақ титулдық айқасқа толықтай дайын екенін және өз күшіне сенімді екенін атап өтті.

Осылайша, алдағы уақытта UFC-де жартылай орта салмақта қызу бәсеке күтілуде. Шавкат Рахмонов әлі де чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі болып қала береді.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 15:25
Талқылау