Ислам Кәрімовтің денесі Самарқанға жеткізілді (видео)
Желіде ел президентінің денесі Самарқанға жеткізілді делінген видео пайда болды.
Бұған дейін Өзбекстанның Бұқаралық Ақпарат Құралдарында өзбек басшысының қайтыс болғаны туралы ақпараттар екінші рет қайтара жарияланып, тіпті жерлеу рәсіміне дайындық барысынан суреттер де жарияланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің миына қан құйылып, ауруханаға түскен болатын. Күні кеше БАҚ-тарда оның мезгілсіз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Президенттің туыстары мұны теріске шығарғанымен, Өзбекстандағы «Ферғана» басылымының редакторы жазылған ақпаратты растайтын сенімді дереккөздері бар екендігін айтқан. Сондай-ақ, ауруханада жатқан Кәрімовты халыққа көрсетуді талап еткен еді.
Бұған дейін Лола Кәрімова әкесін қолдаған отандастарына алғысын айтқан еді.
Оқи отырыңыз:
Өзбекстанда тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар тоқтатылды
Өзбекстандық шенділер Кәрімовтің резиденциясында жезөкшелермен төсектес болған
Назарбаев: Мен Сізбен достығымды, қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын