Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам дінінде мысық асыраудың қандай артықшылықтары бар

Америка ғалымдары көп зерттеуден кейін әрбір үйде мысық болуы тиіс деген қорытындыға келген. Мысықтың пырылы жануарға тән жай ғана дыбыс дерсіз, бірақ оның түрлі дертке ем екенін біреу білсе, біреу білмес.

d1bbd77c2612ef45eee03defa5c373710d7c56e8

Әсте, бұл пырыл мынадай ауруларға шипа көрінеді:

  • Сынған сүйектердің бітіп кетуіне көмектеседі және  сүйекті қатайта түседі.
  • Адамның жүйке жүйесі мен психикасын қалып келтіреді
  • Сондай-ақ мысықтың пырылдаған дыбысы мидың және жүрек қанайналымын жақсартып, иммунитетті көтереді.
  • Гастрит, асқазандағы тасты жойып, остеохандроз, тұмау ұйқысыздық ауруларынан емдейді
  • Ішімдік пен нашақорлыққа деген тәуелідікті сейілтеді
  • Мысықтың тырнақтары ине терапеясынынң орнына жүретін көрінеді.

Ал ислам тарихында мысықтардың пырылдағаны Аллаға зікір айтуы деген түсінік бар. Біз қатарымен ұшқан құстар, тұрған тау-тастар қалай болғаны біздерге беймәлім зікірмен Хаққа құлшылық ететінін білеміз. Өсімдіктердің ғибадаты қиям (тік тұру) халінде, жансыз деп саналғандар да жерге жабысқан түрде яғни, сәжде күйінде Хақ Тағалаға мадақтар айтатыны белгілі.

Алланың үйі – мешітке кіруге рұқсат етілген жалғыз жануар ол – мысық. Осыдан ақ бұл үй жануарының исламдағы орнын біле беруге болады. Әлемге нұрын төккен, адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз да мысықты ерекше жақсы көрген. Алла елшісінің Му’изза есімді аппақ мысығы болған деседі. Екі дүние сардарының оны жақсы көргені соншалық, орнынан тұрарда шапанының етегінде ұйықтап қалған мысықты оятып алмау үшін киімін қиып тастаған. Мысық ішкен сумен дәрет те алғанын мына хадистен аңғаруға болады: Анас ибн Маликтен біреу мысық жайында сұрағанда, ол былай деген екен: «Бірде Алла елшісімен (с.ғ.с)  бірге Бухтани жеріне жолға шықтым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) маған дәрет алатын су дайындауымды тапсырды. Алайда ол келгенінде дәрет суы құйылған ыдыстан бір мысық су ішіп жатты. Ардақты елші (с.ғ.с) болса, мысықтың шөлі қанғанша күтіп тұрды. Сонда мен суды жаңартайын дегенімде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : « Ей Анас, мысық деген таза жануар және ешқашан ештеңені кір қылмайды», – деп жауап берді».

Сондай-ақ оларға зұлымдық жасап қоюдан да сақ болу керек. Бір әйелдің мысықты бірнеше күн ас-сусыз қалдырып, аштан өлтіргенін, ақыр соңында тіршілік иесіне қатыгездік танытқан әйелдің тозаққа түскені жайындағы оқиға көпшілігімізге таныс. Сондықтан да Алла жаратқан жаратылыс иесіне қашан да мейірімдік көрсеткен абзал. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) : «Егер сендердің жануарларға жасаған қиянаттарың кешірілсе, онда көп күнәдан арылатын едіңдер», -деген хадисі көп нәрсені аңғартатыны сөзсіз. 

ihsan.kz

Жіберіп алмаңыз:

Ақылды мысық жасырылған шарикті дәл тауып алуымен таңғалдыруда (видео)

Иесі қараусыз тастап кеткен 14 мысық бірін бірі жеп қойған

Астанада балаларын құтқармақ болған мысық қайнаған суға күйіп қалды

STAN.KZ
Бейсенбі, 09 Наурыз, 2017 12:03
Талқылау