"Ысырапшылдыққа жол жоқ": Тоқаев ғұламалардың мерейтойын атап өту туралы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойлар барысында ысырапқа жол бермеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Президент алғашқы Жолдауында 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания жұмыскерлерінің саны 25 пайызға қысқартылатынын айтты.
Бұған қоса, Мемлекет басшысы ендігі жылы Әл-Фарабидің 1150-жылдық, Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойларын атап өтілетінін айтты.
«Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек. Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге – тәуелсіздіктің 30-жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз керек», - деді Тоқаев.
Атап өтсек, Мәжіліс үйінде VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік