"Ысырап етпедік": Абай Бегейдің жары жақында ұзатылған қызының жасауына пікір білдірді
Отандық шоу-бизнес өкілі Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова қызы Сымбаттың жасауына қатысты қауесетке нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/abai_begei/
Блогер келіншек қыз ұзату оңай емес екенін "Айтарым бар" подкастында баяндап берді.
"Ұлды үйлендіргеннен гөрі, қыз ұзату қиын екен. Бірақ бәрі ойдағыдай жақсы өтті. Оңай емес шынымен. Себебі мен жаспын. Менің жасыма мұндай мәртебе оңай емес. Үшінші рет құдағи болып отырмын. Қыз ұзату оңай емес екен. Біреу қыз ұзатып жатса, "көріп тұрады ғой, несіне қиналады" деген ой болатын. Бірақ өз қызың кеткенде сол күйді сезіну қиын”, – деді Фариза Жұманова.
-
"Бір үйдің ақшасы кетті": Абай Бегейдің 16 жастағы қызының жасауы ел талқысына түсті
-
"Ақшалай көмектеспеді": “Аспанға қараймын“ хитінің авторы Абай Бегейге ренішін білдірді
Одан кейін көпшіліктің талқысына түскен қыз жасауына қатысты ойын да бөлісті.
“Негізі, күйеуімнің ең үлкен қызы Ерке ұзатылған кезде оның жасауын дәл осындай, тіпті асырып жинап берді. Бірақ ол кезде Instagram қатты танымал болмағаннан кейін білінбей қалды. Осы жолы мен де, үлкен қызымыз да, келінім де блог жүргізгендіктен, жасау қатты танымал болып кетті. Контент үшін жан-жақтан салдық. Жалпы, Ақтау жақта кез келген қыздың дүниесін сондай етіп жинайды екен. Сымбаттың өзіне керек дүниелерді ғана бердік. Ысырап болатындай артық нәрсе жоқ. Олар төрт жыл бойы Алматыда бөлек тұратындықтан, өзі қолданатын заттарын ғана жинадық", – деді желі жұлдызы.
Еске салайық, өнер иесінің қызының жасауына кеткен шығын 40 миллион теңге екенін жазған едік.