Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігіне қарасты "Еңбек" мекемесінің басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Ішкі істер министрлігі жедел қылмыстық іздестіру департаментіне қарасты "Еңбек" серіктестігінің басшылары жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы құрылыс басқармасының басшысы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан. 

"Орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылған. Актілер бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктеніп отыр. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына (адамның кінәлі екені заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі) және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне (Кiнәсiздiк презумпциясы) сай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әр адам кінәсіз деп есептеледі", – делінген агенттік хабарламасында.


  • Ақмола облысында шенеуніктер қандастардың қоныс аударуына бөлінген қаржыны жымқырған

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте лауазымды тұлға жылу желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 миллиард теңгеге пәтер сатып алғанын жаздық. Сонымен қатар күдіктілер лауазымды адамдар ұрлаған қаражатты жылыстату үшін "қолма-қол ақша жасаушылар" тобын тартқан. Олар 7% мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін бөгде тұлғаларға ресімделген 24 күмәнді кәсіпорын арқылы тауарларды жеткізу және қызмет көрсету жөніндегі мәмілелер туралы жалған құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыс актілері, шарттар) ұсынған.

Талқылау