Полиция полковнигі Дархан Молдахановтың ішкі істер органдары жүйесінде және басқарушылық тәжірибесі бар. Бұған дейін ол кейіннен комитет болып қайта құрылған тиісті департаментті басқарған.
Министр Ержан Саденов Дархан Молдахановтың кәсіби және басқарушылық қабілеттерін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті министрліктің Мамандандырылған күзет қызметі департаментінің орнына құрылды.
Дархан Маханұлы 1973 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, кейін Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын және Қайнар академиясын (Алматы қаласы) тәмамдаған.
- 1991 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарады.
- 2015 жылдан бастап ҚР ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирі қызметін атқарған.
- 2019 жылдан бері "ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ бастығы болды.
- 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарған.
