Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі бір айда адам саудасына қатысты 44 қылмысты анықтады

Ішкі істер министрлігі қарашада "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері 44 қылмыстың жолын кесті.

“Ұйымдасқан қылмыстық топтың адам саудасына қатысты екі сотқа дейінгі тергеу басталды. Астанада жыныстық қанау схемасымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Операция нәтижесінде бес күдікті ұсталды. Павлодар облысында да осындай ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Тағы бес айыпталушыға қылмыстық іс қозғалды”, – делінген хабарламада.

Ал Абай ауданында 40 жастағы ер адамды физикалық күш қолданып, үш жыл құлдықта ұстаған шаруа қожалығының иесі ұсталды. Зардап шегушіге медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Қонаевтағы ойынханалардың бірінде жүйелі түрде интимдік қызмет көрсету фактілері анықталды. Полицияға осы мекеме қызметкерлерін қосқанда 14 адам жеткізілді. Осыған ұқсас қылмыстар республика бойынша да анықталды. Бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасын тауып жатыр.

Талқылау