Ішкі істер министрлігі алаяқтар жиі айтатын сөздерді атады
Фото: Freepik.com
Ішкі істер министрлігі алаяқтар қазақстандықтарды алдап, ақша беремін деп жиі қолданатын сөз тіркестерінің тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция қызметкерлері бейтаныс нөмірден қоңырау шалу кезінде осы тіркестердің бірін естісеңіз, әңгімені дереу тоқтатуды ұсынады.
Телефон алаяқтары жиі қолданатын 6 сөз тіркесі:
"Олар сіздің ақшаңызды ұрламақшы, күдікті транзакция тіркелді"
Дүрбелеңгесалатын классикалық әдіс. Осылайша ойланбай, тез әрекет етсін дейді.
"SMS-кодты жазыңыз"
Алаяқтар осылайша онлайн-банкингке, шоттарыңызға және аударымдарыңызға қол жеткізе алады.
Қазақстандықтардың алаяқтық жолмен алынған несиелері кешіріледі
Кредит бергіш компанияларға біздің деректерді кім ұсынып жүр – Депутат интернет-алаяқтар туралы
"Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, алаяқтарды ұстауға және ақпаратты құпия сақтауға көмектесіңіз"
Қылмыскерлер өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде көрсететін жалпы схема.
"Несие алуға өтініш берілді"
Сізді алаяқтардан қорғайтындай кейіп танытып, алдау әдісі.
"Ақшаны арнайы және қауіпсіз шотқа аударыңыз"
Қауіпсіз шот деп өздерінің шотына аудартады.
"Банк картаңыздың/SIM картаңыздың мерзімі аяқталуға жақын"
Алаяқтар жеке ақпаратты беруге мәжбүрлейді.
Ішкі істер министрлігі азаматтарға қырағы болып, туыстары мен жақындарына ескерту жасауды ұсынады.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
