Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрінің орынбасары Шерзат Полатқа қатысты тергеудің сапалы жүргізілгенін мәлімдеді

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Болатты қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша тергеудің қалай жүргізілгеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Санжар Әділов тергеу органдарының жұмысына қатысты өз пікірін білдірді.

"Сот процесі жүріп жатқанда, мен іс материалдарын жариялап, түсініктеме беруге құқылы емеспін. Бірақ тергеудің сапалы жүргізілгенін, ол прокуратураның қадағалауымен өткенін сенімді түрде айта аламын", — деді Әділов.



Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ. 

10 сәуір Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталған еді. Іс бойынша 9 сотталушы сот залына әкелінгені айтылды. 

Талқылау