Ішінде деструктивті ақпарат бар: Оқу-ағарту министрлігі “Тралалело тралала” мультфильмдерінің қауіпті екенін айтты
Видеодан скрин
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде мазмұнында жасырын деструктивті ақпараты бар балалар мультфильмдері тарап жатыр. Бұл мәселеге қатысты оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитеттің дерегінше, мұндай роликтер баланың адамгершілік құндылықтарына кері әсер етіп қана қоймай, олардың бойынша агрессивті мінез‑құлық қалыптастыруы мүмкін.
“Зиянсыз бейнероликтер кейпінде балаларда агрессия тудырып, негізгі адамгершілік құндылықтарды әлсірететін бейнелер таралып жатыр. Ақпараттық кеңістіктегі өзгерістер балалардың психоэмоциялық саулығына қосымша қауіп тудырады”, — делінген ведомство мәлімдемесінде.
Осыған байланысты комитет қазіргі цифрлық жағдайда құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар пакетін әзірлеп, Мәдениет және ақпарат министрлігіне, сондай‑ақ ішкі істер министрлігіне жолдады.
“Ата‑аналар баланың қандай контент көріп жүргенін және кімдермен байланыс орнатып отырғанын қадағалап, үнемі ашық әңгімелесіп, сыни ойлау қабілетін дамытуы қажет. Күмәнді видеоларды анықтаса, дереу құзырлы органдарға хабарлаған жөн. Ата‑ананың контент таңдауға белсенді араласуы — баланың цифрлық қауіпсіздігінің негізгі кепілі”, — делінген балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарламасында.
Желілерде Brainrot хэштегімен қысқаметражды анимациялық роликтер таралып жатыр. Мұндай роликтердің ұзақтығы — 15–45 секунд. Олардың бірінде бірнеше рет қайталанатын "тралалело тралала" (аудармасы — Алла — шошқа) сынды мән‑мағынасыз көрінетін, алайда құлаққа тез сіңетін вербалдық триггерлер қолданылады. Бірқатар роликте "бомбардино крокадило, мен Палестинадағы балаларға бомба тастағанды ұнатамын" деген фраза астыртын дыбыстық қабат ретінде енгізілген.
Еске салсақ, Қазақстандық блогер "Бомбардиро Крокодило, Тралалело Тралала" мультфильмдерін балаларға көрсетпеуге шақырған еді.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
