Ішінде 47 оқушы болған: Алматы облысында автобус апатқа ұшырады
Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында оқушылар мінген автобус жолдың шетіне шығып кетті. Салдарынан бірнеше оқушы мен мұғалім жарақаттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдына ала мәлімет бойынша, автобуста Алматы қаласындағы №134 мектептің 47 оқушысы болған. Жолда жолаушылар автобусының алдынан кенеттен жылқы шыға келіп, жүргізуші оны айналып өтпек болған. Алайда автобус жолдың шетіне шығып кетті.
ЖКО салдарынан 8 оқушы мен мұғалім жарақаттанды. Бес оқушы Ұзынағаш аулының аудандық ауруханасына, тағы үш оқушы мен мұғалім Дегерес аулындағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиға орнына полиция, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері көмек көрсетуде.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен