Ішінде 4 бала бар: Құлсарыдағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Құлсары қаласындағы "Ниет" жанармай құю бекетінде болған жарылыстан кейін 14 адам ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуі бала. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
"2025 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша Қаратон ауылындағы автогаз құю бекетінде болған өрт салдарынан Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне зардап шеккен 14 адам түсті. Олардың ішінде 4 бала бар", – делінген хабарламада.
Басқарманың мәліметінше, бастапқы тексеру мен қажетті диагностикалық шаралардан кейін 10 науқас ауруханаға жатқызылып, 4 адам амбулаторлық бақылауға жіберілген. Қазір ауыр хәлде, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар жоқ.
Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 7 адамның жағдайы орташа ауырлықта, 3 науқастың жағдайы тұрақты.
Басқарма науқастардың жағдайын бақылауды жалғастыратынын және қажет болған жағдайда қосымша ресурстар тартылатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысының Құлсары қаласында орналасқан жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болып, 2 адам қаза тауып, 14 адам жараланғаны туралы жазған едік.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
