Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішікі істер министрінің орынбасары Талғардағы Шерзат Болаттың өртенген үйіне келді

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Шерзат Болаттың отбасының өртенген үйіне келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Вице-министрдің айтуынша, қазір бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, оқиғаның куәгерлері анықталуда.


"Полицияның күзетке қазір алғанының пайдасы қанша": Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің әпкесі үйдің қалай өртенгенін айтып берді (видео)


"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына келдім. Оқиға орнына менімен бірге ішкі істер министрлігінің қызметкерлері келді. Жедел-тергеу тобы құрылды. Бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілуде. Оқиғаның куәгерлері анықталып жатыр. Күдікті тұлғалар анықталып, заң жүзінде жауапқа тартылады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында", — деді Бауыржан Әленов.

Еске салсақ, бұған дейін Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткені туралы жазған едік. Марқұм жасөсіпірімнің отбасының үйінің өртеуіне қатысты істі бас прокурор жеке бақылуына алды. Ал Алматы облысының әкімдігі үйі өртенген отбасыны уақытша баспанамен қамтамасыз етуге уәде берді. 

Талқылау