Ирландияға бет алған Зеленскийдің ұшағын белгісіз "әскери үлгідегі" дрондар аңдыған
Фото: Alamy Stock
Төрт белгісіз дрон Украина президенті Владимир Зеленский мінген ұшақтың бағытына қарай ұшып, ұшуға салынған тыйымды бұзған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 1 желтоқсан күні кешке, Украина президенті Ирландияға ұшып бара жатқанда болған.
The Journal дереккөздерінің мәліметінше, “әскери үлгідегі” төрт дрон шамамен сағат 23:00-де Зеленскийдің борты ұшуы тиіс болған Дублин әуежайы маңына дейін жеткен. Алайда ұшақ кестеден бұрын қонғандықтан, дрондармен бетпе-бет келмеген. Одан кейін дрондар Дублин маңына жасырын түрде орналастырылған Ирландияның әскери кемесі тұрған бағытқа қарай ұшыпкекен. Ал Ирландия қарулы күштері дрондарды атып түсірмеген.
Кремль Ресейдің Зеленскиймен Түркияда өтетін келіссөздерге қатысатынын жоққа шығарды
Путин Трампқа Украинадан Донбасты алу жоспары барын айтқан, ал Зеленский не дейді
Арнайы қызметтің мәліметінше, дрондар Дублиннің солтүстік-шығысынан ұшырылған және ауада екі сағатқа дейін жүрген. Оларды кім, қандай мақсатта жібергені, қазіргі орналасқан жері белгісіз.
Басылымның жазуынша, «Ирландия қауіпсіздік қызметі дрондардың үлкен, өте қымбат әрі әскери мақсатқа арналған құрылғылар екенін, ал оқиғаны гибридтік шабуыл деп қарастыруға болатынын» анықтаған.
The Journal мәліметінше, оқиғадан кейін 2 желтоқсан күні Ирландияның жоғары басшылығы шұғыл жиын өткізген. Ал Зеленский мінген ұшақ дрондармен байланысты тәуекелді азайту үшін Дублиннен арнайы қауіпсіздік шараларымен қайта ұшып шыққан.
Айта кетейік, бұған дейін Зеленский жемқорлық дауына байланысты Украина президенті кеңсесінің басшысы Ермакты қызметінен босатқаны туралы жазған едік.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады