"Ирина Қайратовна" тобы Салтанат Нүкенова өлтірілген мейрамханада ән айтып, халыққа жақпай қалды
Танымал жұлдызды топ “Ирина Кайратовна” күйеуінің соққысынан дүние салған марқұм Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамханада ән айтты деген ақпарат желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/lion_terrace/
Атышулы мейрамхананың аты өзгерсе де, желі қолданушылары бұрынғы экс министр Қуандық Бишімбаевтың BAU мейрамханасы екенін танып қойған.
Жаңа мейрамхананың ашылу салтанатында мейрамхана иесі халықтың сүйікті тобына айналған “Ирина Кайратовнаны” шақырған. Алайда кісі өлімі болған жерде ән айтқан топтың іс-әрекетін жанкүйерлері сынап тастады.
“Бұл жерде қанды қылмыс болған”, “Жігіттер басқа жер болмады ма?”, “Ақша үшін бәріне келісе береді екен”, “Салтанатты өлтірген барда өнер көрсету қалай екен?”, “Ақшаның иісі бұрқырап тұр”, – деп жазды желі қолданушылары.
-
Айтбек Амангелді Байжановтың әйеліне Lexus көлігін сатып, 4 жыл күн көруге болатынын айтты
-
"Мен тек Бишімбаевтың айтқанын істедім": Байжанов апелляциялық сотта үкімнің күшін жоюды сұрады
Айта кетейік, бұған дейін әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды. Кейін олар апелляциялық сотқа жүгінді. Десе де сот үкімі өзгеріссіз қалды.